Британия инвесторлары Қазақстанда ҮИИДМБ екінші бесжылдығы жобаларына қызығушылық білдірді - ҚР ИДМ

Ұлыбритания инвесторлары Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдық жобаларына қатысуға қызығушылқ білдірді, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссия І отырысында.

«Келер жылы біз ҮИИД МБ екінші басжылдығын бастаймыз. Алты салалық өндірістің 14 секторы анықталды: машина құрылысы, металлургия, мұнайды өңдеу, мұнайхимиясы, химия, құрылыс материалдары мен азық түлік өнімдері. Өз кезегінде, британдық тарап екінші бесжылдыққа қатысуға қызығушылық танытты.», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, тараптар KAZNEX INVEST пен британдық UKTI арасындағы ынтымақтастыққа қол жеткізді. KAZNEX INVEST британдық UKTI Қазақстанда жүзеге асырылатын әлеуеті жоғары 40 инвестициялық жобаның тізімін берді. Бұдан басқа, геология және жерқойнауын пайдалану саласында да бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу