ҚДБ жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы аясында 4,7 млрд теңгеге шамамен 1,5 мың өтінімді мақұлдады

«Қазақстанның даму банкі»  АҚ жеңілдікті автонесие беру бағдарламасы аясында 4,7 млрд теңге сомаға 1,5 мың өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды ҚДБ-де.

«Қазақстанның Даму Банкі» 2015 жылдың 13 мамырдағы жағдайда агент коммерциялық банктерге жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 4,7 млрд теңгеге 1454 өтінімді мақұлдады», - делінген хабарламада.

Қаржы институтында мәлімдегендей, ҚДБ-ға ағымдағы жылдың 12-13 мамыры күні түскен 254 сұраным ҚДБ-ның қарауында жатыр, оларды қарастыру мерзімі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен үш жұмыс күніне дейін.

Өтінімдердің ең көп саны «Еуразиялық банк» АҚ-нан - 668 өтінім түскен. Одан кейін «Сбербанк России» АҚ ЕБ - 486 өтінім және «Банк ЦентрКредит» АҚ - 299 өтінім, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ - 243 өтінім. «АТФ Банк» АҚ және «Forte Bank» АҚ сәйкесінше 8 және 4 өтінім жіберілген.  

Естеріңізге салып өтсек, ҚДБ ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 15 млрд теңге бөлінді.

Жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметімен бекітілген несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспау керек. Несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 5 600 000 теңге, міндетті бастапқы жарна – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%.

ҚДБ түсіндіргендей, жеңілдікті автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан автонесие беруге жұмсалады.

Ақырғы қарызгерлер – жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жиналатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot» және т.б. сияқты брендтердің 55 көлік моделі ұсынылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу