ҚДБ өңдеуші өнеркәсіпте 31,5 млрд теңгеге 35 жобаны қаржыландырды
Мемлекеттік өңдеуші өнеркәсіпке қолдау көрсету аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ 31,5 млрд астам теңгеге 35 жобаны қаржыланжырды, деп хабарлайды банкте.
«Ағымдағы жылдың 16 шілдедегі жағдайда өңдеу өнеркәсібін Ұлттық қордың бірінші және екінші траншы есебінен екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру аясына жалпы сомасы 31,5 млрд теңгеге 35 жоба қаржыландырылған», - делінген хабарламада.
Ұлттық қордың бірінші траншы бойынша ҚДБ олармен алдында тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер өңдеу өнеркәсібінде 29 млрд астам теңгеге 22 жобаны мақұлдады, ал 19 млрд астам теңгеге 20 жобаны қаржыландыру басталды.
Ұлттық қордың екінші траншы бойынша екінші деңгейдегі банктер 30 млрд-қа жуық теңгеге 31 жобаны мақұлдады, 12 млрд астам теңгеге 15 жобаны қаржыландыру басталды.
Нақты игерілген қаражаттың басым бөлігі аймақтап алғанда ОҚО-на келеді және Астана қаласы – 25%, салалық сегментте – металлургия өнеркәсібінің жобаларына бөлінген.
ҚДБ 2014 жылдың желтоқсан айында он үш коммерциялық серіктес Ұлттық қордың бірінші үлестік несиесінің қаражатынан 50 млрд теңге берді және 2015 жылдың наурыз айында он екі коммерциялық серіктес банкке одан әрі ірі жобаларға ұзақ мерзімге несие беру мақсатында Ұлттық қордың екінші үлестік несиесінің қаражатынан 50 млрд теңге берді. Барлығы жоспар шеңберінде ҚДБ желісі бойынша өңдеу өнеркәсібінің 23 саласы белгіленген, оның ішінде азық-түлік өнімдерін, киім, қағаз бұйымдарын, қортқы көмір және мұнай өңдеу өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек өндіру.
Бекітілген шарттарға сәйкес, екінші транш қаражатының ең көбі 50% жаңа жобаларды қаржыландыруға, ең көбі 25% - бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға және ең көбі 25% - айналым капиталын толықтыруға жұмсалу керек.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз