ҚДБ қазақстандық фосфорды Чехияға экспорттық жеткізуді қаржыландырды

«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ «Казфосфат» ЖШС-ға 5 жылға дейінгі мерзімге өнімнің экспорттық жеткізілуіне бағытталған қарыз берді, деп хабарлайды банкте. 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Казфосфат» ЖШС-ға 5 жылға дейінгі мерзімге өнімнің экспорттық жеткізілуіне бағытталған қарыз берді. Құны 3 млрд теңге мәміле «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты шеңберінде қазақстандық экспортшыларды қолдау мақсатында қаржыландырылады», - делінген хабарламада. 

ҚДБ мәліметінше, жеңілдікті қарыз қаражаты энергия қорлары мен шикізат сатып алуға, сары фосфорды одан әрі өндіруге және экспорттауға жұмсалады. Осы экспорттық операция шеңберіндегі синтетикалық жуу құралдарын, тағамдық фосфат және фосфат қоспаларын өндіруде маманданатын «Fosfa a.s.» ірі чех компаниясымен контракт бекітілген.

«Таяудағы бес жыл ішінде біздің кәсіпорын негізгі фосфорлық шикізат түрлерінің экспортын шамамен үштен бір бөлікке арттыруды және қызыл және бес күкіртті фосфор шығарылымын жөнге салуды жоспарлайды. Ол шығарылатын өнім түрлерін жоғары қосылма құнмен арттыру мүмкіндігін береді. Мемлекет пен «Бәйтерек» холдингі тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдау ҚДБ желісі арқылы қолжетімді қаржыландыруды ұзақ мерзімге алу мүмкіндігін береді», - деді «Казфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы Мақсұтбек Есенов.

ҚР Ұлттық қорынан, «Бәйтерек» Холдингіне ҚДБ желісі арқылы өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлар экспортын қолдауға 2015 жылы 35 млрд теңге бөлінді. Көзделген қаражат шеңберінде ағымдағы жылдың 27 тамызындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 31,2 млрд теңгені құрайтын барлығы 6 жоба қаржыландырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу