Б.Сағынтаев пен У.Кортни өндірістік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Америкалық-Қазақстандық бизнес қауымдастықтың (USKBA) президенті Уильям Кортнимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өндірістік және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Бақытжан Сағынтаев республикада қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып жатқандығын баса айтып, АҚШ бизнесмендерін қазақстандық нарықты белсендірек игеруге шақырды.
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары индустрияландырудың екінші кезеңі аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін америкалық компанияларды тартуға қызығушылық білдірді.
Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ АҚШ бизнесмендерін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды, бұл «жасыл технологияларды» дамытуға қосымша серпін береді, озық тәжірибені кеңінен ұсынуға және энергетикалық тұрғыда тиімді бағдарламаларды жылжытуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз