Б.Сағынтаев Мәскеуде РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары И.Шуваловпен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.

 
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастың жағдайы, сондай-ақ, өндіріс, транзиттік-көліктік және коммуникациялық салалардағы әріптестіктің жай-күйін талқылады.
 
Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақтың аясындағы өзекті мәселелерді де талқылады.
 
Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша сауда – экономикалық ықпалдастықтың барлық шоғыры бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдете түсуге мүдделілік білдірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу