2015 жылдың соңына дейін ТДҰА-нің 10 нысаны саудаға қойылады

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамындағы «Технологиялық дамудың ұлттық агенттігі» АҚ-на еншілес 10 компания: 6 өңірлік технопарк пен 4 салалық конструкторлық бюро 2015 жылдың аяғына дейін бәсекелі ортаға тапсырылуы тиіс, деп мәлімдеді «Технологиялық дамудың ұлттық агенттігі» АҚ.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на еншілес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға тапсыру процедураларын жүргізу бойынша комиссияның екінші отырысы өтті.

Комиссияның құрамына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық қауымдастығының, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ өкілдері кіреді.

Отырыс барысында комиссия мүшелері «ТДҰА» АҚ өңірлік технопарктер мен салалық конструкторлық бюроларына қатысу үлесінен шығу шарттары анықталды, оның ішінде бастапқы, минималды сату бағалары, аукцион тәсілдері және олардың әрқайсысы бойынша қадам сандары, сондай-ақ, саудаға әлеуетті қатысушылардың кепілдікті жарнасының көлемі бекітілді.

«ТДҰА» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Өміржан Тәшімовтың айтуынша, алғашқы кезеңде саудаға салалық конструкторлық бюролар шығарылады. «ТДҰА» АҚ заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу үлесін бәсекелі ортаға тапсырудың бекітілген ережелеріне сәйкес аталған объектілер баланстық құнынан кем емес бағамен сатылатын болады.

«Аукцион ағылшын тәсілі арқылы өткізіледі, бұл жағдайда сатылу бағасы бастапқы бағадан одан әрі өседі. Объект кемінде бағаның өсімі екі қадам жасағанда сатылуы мүмкін. Егер сауда өтпеген болып табылса, голландтық тәсіл, яғни бағаның одан әрі төмендеуін қарастыратын тәсіл қолданылатын болады. Бұл ретте баға Комиссия бекіткен минималды бағадан төмен болмауы тиіс. Еншілес компаниялардың жарғылық капиталына қатысу үлесін сату www.gosreestr.kz веб-порталында 2015 жылдың мамыр айынан бастап жүргізіледі» - деді Ө.Тәшімов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу