2017 жылдың соңына дейін Астанада 157 апатты үй бұзылады

Келесі жылдың соңына дейін елордада 157 апатты үй бұзылып, 2483 отбасы жаңа баспанаға ие болады, деп мәлімдеді Астана тұрғын үй инспекциясы басқармасының жетекшісі Əлихан Қуатбеков.

«2017 жылға дейін 157 апатты үйде тұрған 2 483 отбасы жаңа үйге қоныстануы керек. Ілкі жобаға сай, Астананың жергілікті атқарушы органы тұрғын үй қорына талдау жүргізіп, 2017 жылдың соңына дейін апатты жағдайда тұрған көп пəтерлі 228 үй анықталды. Осы күнге дейін 1000 пəтерді құрайтын 70 үйді бұздық», - дейді Ə.Қуатбеков.

2016 жылдың соңына дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының ілкі жобасы аясында апатты жағдайда тұрған жəне ескі 112 үй бұзылады деп жоспарлануда.

Ілкі жобаның бір жақсысы - үйлер «қайтарым принципі» бойынша салынып жатыр. яғни, Астанадағы жаңа үйлердің жартысы бұзылған үйлердің тұрғындарна берілсе, жартысы коммерциялық негізде сатылады. Сол сатылған үйлердің қаражаты бағдарламаның одан əрі жүзеге асырылуына жұмсалады.

«Үйлердің қай ауданда орналасатынын елорданың тұрғын үй басқармасы шешеді. Алдын ала мəлімет бойынша, Жағалау тұрғын үй кешенінде, Қобыланды жəне М.Жұмабаев көшелерінде орналасады. Жаңа пəтерлер бұзылған үйлердегі пəтердің көлеміне қарай бөлінеді. Бірақ, жаңа пəтер көлемі ескі үйден əлдеқайда үлкен болады. Жаңа үйлерді жекешелендіруге болады»,-  деді Ə.Қуатбеков.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу