Жылдың соңына дейін «Бәйтерек» ҰБХ 250 млрд теңге сомаға жобаларды қаржыландыруға ниетті - Қ.Бішімбаев
2014 жылдың соңына дейін «Бәйтерек» ҰБХ 250 млрд теңге сомға жобаларды қаржыландыруды жоспарлады, деп хабарлады «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да.
«Жыл соңына дейін Холдинг 250 млрд. теңге сома шамасында жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Олардың ішінде – «Сарыарқа автопром» автокөлік өндірісін кеңейту, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жоғарғы көмірсутекті феррохром өндірісін, «Қазцинк» мырышын экспорттау және басқалары», - деді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің бірінші кеңейтілген алқа отырысында.
Бүгінгі таңда, Инвестицияларды тарту бойынша карта жобаларының тізімі құрылған, оның шегінде Холдинг 19 жобаны қаржыландыруға қатысуда және 2 жобаны тікелей инвестициялау және жобалық компанияның акционерлік капиталына кіру жолымен жүзеге асыруда.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Банк борышкерлеріне оңтайлы жағдай жасау үшін Холдинг капитализациялау және ҚР Ұлттық қорынан жалпы сомасы 75 млрд. теңге төменгі пайызды займ тарту бойынша бастама көтерді. Аталған қаражаттарды екінші жартыжылдықта тартуды көздеп отырмыз», - деді Қ. Бішімбаев.
2014-2015 жж. Қазақстанның инвестициялық қоры 16 жобаны оңтайландыру мүмкіндігін қарастыруда. 2015 жылы ҚИҚ 3,1 млрд. теңге сомасындағы инвестицияны қайтаруды жоспарлап отыр.
Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік қолдаған ұйымдармен 7 айлық жұмыс ішінде жалпы сомасы 5,45 млрд. теңгеге өнім шығарды, 128 млн. теңгеге 11 инновациялық грант берілді.
Холдинг басшысы атап айтқандай, жаңа экономикалық шақыруларды және сыртқы келеңсіз факторлардың экономикаға әсерін ескере отырып, жаңа жобалармен қатар, өндіруші сектордың жұмыс істеп тұрған ұйымдарына да қолдау қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар Холдинг қызмет көрсетудің жиынтықталған пакеті нысанында қолдау құралдарының кешенін ұсына алады.
Мысалға, «Шағын және орта бизнесті қолдау» пакеті, бұнда ДАМУ, ҚДБ және ТДҰА құралдары есебінен субсидиялар, несиелер, гранттар және басқалары беріледі.
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің бірінші кеңейтілген алқасы өтті. Алқаға инвестициялар және даму жөніндегі министр Әсет Исекешев, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының Төрағасы Қуандық Бішімбаев, сонымен қатар "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Алқа барысында "Бәйтерек" Холдингінің басшысы 2014 жылдың 7 айындағы атқарылған қызметтің негізгі қорытындылары туралы мәліметтерді жария етті және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы айрықша міндеттер туралы айтты.
Жалпы алғанда Холдингтің бір жыл қызметі ішінде Қазақстан Даму Банкінің кредит беру көлемі өсті: кредиттің Банк портфеліндегі үлесі 32%- ден 48% дейін өсті. «Ағымдағы жылдың жеті айының ішінде тікелей қаржыландыру шегінде ҚДБ тобымен қарыздың жалпы сомасы 341,5 млрд.теңгеге 16 жобаға қолдау көрсетілді, 44,5 млрд.теңге сомаға 6 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданды»,-деп нақтылады Қ. Бішімбаев.
Оның айтуы бойынша ҚР Ұлттық қорынан өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ субъектілерін қолдау үшін 100 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда осы бағдарлама басталғаннан бастап жалпы сомасы 82 млдр. теңгеге немесе 82% ШОБ жобалары мақұлданған, 64,7 млрд. теңге берілді.
Өнеркәсіпке шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмыс шегінде ҚДБ Қытай Банкімен Қазақстан экономикасына 1,5 млрд. долл. тарту туралы келісімге қол қойды.
«Инфрақұрылымдар жобалары» пакеті шегінде жеке кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық және МЖС жобаларды жүзеге асыру үшін займ немесе акционерік капитал құралдары ұсынылады, жобалық қаржыландыру, сондай-ақ жобаларды консультациялық сүйемелдеу және құрылымдау. Мұнда ҚДБ, ҚКМ, МЖС орталығы және Инфрақұрылымдық жобалар қоры сияқты құралдар қатысатын болады.
«Өсу үшін капитал», «Грин-филд жобалар», «Экспортерлерді қолдау», «Инновациялық компанияларды қаржыландыру» атты өзгеде пакеттер бар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз