28 Сәуір 2026, 11:55
Экономика салаларында жасанды интеллектіні енгізуге жоғары білім беру жүйесінің арнайы модельі қалыптастырылуда. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында QS халықаралық агенттігімен бірлескен зерттеу қорытындылары және оқытудың жаңа стандарттары туралы хабарлады.
Оның айтуынша осы әлеуетті жүзеге асыру үшін кадрлар даярлау мақсатында қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылған. Жасанды интеллекті пәндері барлық студенттер үшін, мамандығына қарамастан, міндетті болып енгізілді. Жасанды интеллектіні қолданудың жоғары оқу орындары арасындағы стандарты бекітілді.
«Білім беру процесінде жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қабылдады. Диссертацияларды дайындау кезінде жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына толықтырулар енгізілді. Оқытушылар үшін жасанды интеллект саласында біліктіліктілікті міндетті түрде арттыру енгізілді. Барлық жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша KPI көрсеткіштері бекітілді. Осылайша, кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін реттеуші модель қалыптастырылды. Ең алдымен, технологиялық база қалыптастырылды. Академиялық суперкомпьютерлер кластері құрылып, сондай-ақ университеттердің Alem.сloud ұлттық суперкомпьютерлік кластерінің есептеу қуаттарына қол жеткізуі қамтамасыз етілді», — деп атап өтті министр.
Өнеркәсіп саласына арналған жоғары оқу орындарының ЖИ-шешімдері ұсынылған. Astana IT University әзірлеген EnergyDronesAI күн панельдерін дрондар арқылы диагностикалау жүйесі жаңартылатын энергетика инфрақұрылымындағы ақауларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. KMG.AIAN ассистент-аналитигі мұнай өнімдерінің тапшылығын болжау үшін қолданылады. Қазақстан-Британ техникалық университеті әзірлеген. Smart Safety Monitor ЖИ-жүйесі шахталардағы қауіпсіздікті арттыруға және логистиканы оңтайландыруға бағытталған.
Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне арналған шешімдер ұсынылған. ZhanCare.AI телемедициналық платформасы дәрігер мен пациент арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдетіп, жасанды интеллект негізінде талдау және емдеуді басқару функцияларын қамтиды. (Astana IT University әзірлеген) CortexAI интеллектуалды жүйесі бүйрек трансплантациясы бойынша клиникалық шешімдер қабылдауға көмектеседі, медициналық бейнелерді (рентген, МРТ) талдап, патологияларды анықтайды.
Студенттер тарапынан қаржы және туризм салаларына арналған шешімдер де әзірленді. (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті әзірлеген) TrustTravel цифрлық платформасы туристік бизнесті автоматтандырып, Қазақстан бойынша саяхатты ыңғайлы, қарапайым әрі қауіпсіз етеді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әзірлеген PhishGuard AI платформасы қаржы жүйелерінің пайдаланушыларын фишинг пен цифрлық қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.
Қазақстан-Британ техникалық университеті әзірлеген KOZ AI платформасы сату бөлімінен бастап бухгалтерияға дейінгі корпоративтік процестерді кешенді автоматтандыру үшін кеңінен қолданылады.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлеген AI Startify Incubator стартаптарды онлайн-инкубациялауға арналған ЖИ-платформа болып табылады. Ол идея генерациясынан бастап жобаларды кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерде стартаптарға ЖИ-агенттерді ұсынады.
#Білім беру #Президенттің тапсырмасы #Ғылым #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу