ҚР Президенті Үкімет жанынан бірыңғай Сall-орталық құруды тапсырды

Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жанынан жаңа нормаларды халыққа түсіндірумен айналысатын «жедел желі» құруды тапсырды.

«Электронды Үкіметтің» бірыңғай байланыс орталығына күн сайын 700 қызмет бойынша 20 мыңнан астам сауал түседі. Бұл ресурсты неліктен іске қоспадыңдар? Бірде-бір онлайн түсіндіру немесе кеңес болған жоқ. Халық сауал қоя бастағаннан кейін ғана «оянып» отырсыңдар. Үкімет жанынан адамдарға барлық жаңа нормаларды, оларды қалай пайдалану, қайда жүгіну қажеттігін түсіндіру үшін бірыңғай Call-орталық «жедел желі» құруды тапсырамын. Бірде-бір сауал толымды жауапсыз қалмауы үшін жауапты адамдарды бекітіңіздер. Бұл өңірлерге де қатысты. Олардың әрқайсысында мұндай кеңес беру орталықтары жұмыс істейтін болсын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ғана «Электронды Үкімет» порталынан қазақстандықтардың 1 млн. 200 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алғанын баса айтты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу