Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен:

  • Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
  • Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

  • Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;
  • Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу