22 Шілде 2025, 12:20

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, тау-кен кешенін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға тау-кен саласында 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді болғанын, оның 14-і онлайн-форматта екенін атап өтті. Бір жыл ішінде барлығы 979 млн қызмет көрсетілді, оның 919 млн-ы электронды түрде, бұл жалпы санның 87,6%-ы.
Ең көп сұраныс болған мемлекеттік қызметтер:
Министр Қазақстанда мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау аясында тау-кен саласында бизнес-процестерді реинжиниринг жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ол геологиялық және тау-кен пайдалану учаскелерін беру мен қайта рәсімдеу процедурасын мысал ретінде келтірді.
Бұған дейін бұл процесс қағазда жазылған өтініштер, электрондық пошта немесе e-Otinish жүйесі арқылы жүзеге асырылатын. Мәліметтер қолмен тексерілетін, бұл өз кезегінде қарау мерзімін ұзартып, қате жіберу қаупін арттыратын.
Реинжиниринг нәтижесінде бұл процесс толықтай автоматтандырылды. Енді өтінім беру minerals.e-qazyna.kz жер қойнауын пайдалану бойынша Бірыңғай платформа арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Платформада шектеулерді автоматты түрде тексеру мүмкіндігі бар интерактивті жер қойнауын пайдалану картасы іске қосылған.
«Бұл кезеңдер санын 45%-ға қысқартуға және бизнес-рөлдер санын 35%-ға азайту арқылы әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. Процесс тиімді, ашық және ыңғайлы бола түсті, адами фактордың ықпалы азайды, сондай-ақ ыңғайлы онлайн-процестің арқасында пайдаланушылардың сенімі артты», — деді Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ Astana Hub экожүйесінде тау-кен саласына арналған цифрлық шешімдер әзірлейтін стартаптар мен компаниялар қарқынмен дамып жатқаны атап өтілді. Олардың жобалары:
• Өндірісті жоспарлау және басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен платформалар;
• Кен орындарының цифрлық егіздері;
• Мониторинг және сараптама;
• Өндіріс тиімділігін арттыруға және нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған инновациялық құралдар.
Технопаркке қатысқалы бері компаниялар 5 млрд теңгеден астам табыс тауып, 100-ден аса жұмыс орнын құрды.
Тау-кен саласына цифрлық технологияларды енгізудің бір мысалы – minePASS жүйесі. Бұл – жерасты өндірісін басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін біріктірілген жүйе. Аталған шешім шахтадағы персонал, техника және жағдайлар бойынша жедел бақылауды жүзеге асырады. Технология жерасты тау-кен жұмыстарында қауіпсіздікті, процестердің ашықтығын және тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Келесі бір мысал – Smart Technics компаниясының шешімі. Бұл компания машиналық оқыту мен Big Data технологиялары негізінде интеллектуалды жүйелерді әзірлеп, енгізумен айналысады. Жезқазған байыту фабрикасында енгізілген ионометриялық бақылау жүйесі өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл жүйе технологиялық процестерді оңтайландырып, тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Өңдеу параметрлерін дәл бақылаудың арқасында кеннен пайдалы компоненттерді алу көлемі артады. Бұл кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізеді.
Отырыс барысында тау-кен саласының дамуына ықпал ететін әлемдік негізгі трендтер таныстырылды. Айтылған деректерге сәйкес, бүгінде салада автономды тау-кен техникасы белсенді түрде енгізілуде. Мысалы, жүргізушісіз самосвалдар, роботтандырылған экскаваторлар мен бұрғылау қондырғылары.
Болжамдарға сәйкес, мұндай шешімдер нарығы 2034 жылға қарай $12 млрд-тан асады. Екіншіден, өндіріске жасанды интеллект енгізу қарқынды дамып келеді. Ол болжамды сараптама, геологиялық барлауды оңтайландыру және процестерді автоматтандыру үшін қолданылады. Бұл нарықтың жылдық өсімі 35%-дан асады деп бағалануда. Үшіншіден, цифрлық егіздер мен модельдеу технологиялары технологиялар өндірісті дәлірек жоспарлап, тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Нарық көлемі 2030 жылға қарай $275 млрд-қа дейін өседі деп күтілуде. Төртіншіден, бұл өнеркәсіптік заттар интернеті. Датчиктер мен мониторинг жүйелері жабдықтарды нақты уақыт режимінде бақылауға және ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Баяндамасын қорытындылай келе цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тау-кен саласын одан әрі цифрландыру бойынша жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды айтты. ЦДИАӨМ ұсынымдары:
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу