21 Сәуір 2026, 10:57
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары қаралды.
Жиында атқарылып жатқан жұмыстар туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Астана қаласы мен Павлодар облысының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық «Qamqor plus» мүгедектер бірлестігінің төрағасы Нияз Сүндетәлиев баяндама жасады.
«Инклюзивті саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында негізгі үш бағытта кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар – инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету. Теміржол көлігі саласында құрамдардың шамамен 90%-ы көтергіштерімен және бейімделген купелерімен жабдықталған. 2030 жылға қарай әрбір құрамда кем дегенде бір мамандандырылған вагон болады.
Вокзалдарды реконструкциялаудың ауқымды бағдарламасы аясында қолжетімділіктің қажетті элементтері: пандустар, лифтілер, көтергіштер көзделген, сондай-ақ кассалық аймақтар мен санитарлық тораптар қайта жабдықталуда. Теміржол билеттеріне 50% жеңілдік бар. Биылғы сәуір айынан бастап онлайн-ресімдеу функциясы бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 580 мың мүгедектігі бар жолаушылар тасымалданды», — деді Нұрлан Сауранбаев.
Оның айтуынша авиация саласында әуежайлардың қолжетімділік деңгейі арттырылып жатыр. Бүгінгі таңда негізгі элементтермен қамтамасыз етілуде. 10 әуежайда мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсету үшін 13 амбулифт бар. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 әуежайға қойылады.
Сондай-ақ ,авиатасымалдаушылар корпоративтік бағдарламалар аясында авиабилеттерге жеңілдіктер береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 9,9 мың мүгедектігі бар жолаушы тасымалданды.
Автокөлік тасымалында да инклюзивтілік деңгейі кезең-кезеңімен жақсарып келеді. Қолжетімділік талаптарына автовокзалдар мен автостанциялардың 78%-ы, ал қалалық автобустардың 79%-ы сәйкес келеді.
#Көлік #Президенттің тапсырмасы #Үкімет отырысы«Инватакиси жүйесі біртіндеп дамып келеді. Көлік саны 39%-ға өсіп, 1426-ға жетті. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қызмет көрсету саласы 1329 нысан мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз етеді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, әлі де жеке қарауды және мемлекеттік органдармен, тиісті ұйымдармен бірге шешуді қажет ететін мәселелер бар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», — деді көлік министрі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу