25 Қаңтар 2017, 11:43
Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.
Еске салсақ, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған болатын.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу