18 Қыркүйек 2024, 19:49
ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.
Оның айтуынша, энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына дайындау тиісті деңгейде ұйымдастырылды.
«Жүйелік оператордың жөндеу кестесіне сәйкес, электр станцияларында 2024 жылы 10 энергоблокта, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланды. 5 энергоблокта, 30 қазандықта, 26 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 4 энергоблокта, 24 қазандықта және 18 турбинадағы жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңдерде жүргізіліп жатыр», — деді вице-министр.
Электр желілері бойынша 2024 жылы 20,8 мың км электр беру желілерінде 422 кіші станцияда, 4 054 тарату пункті мен трансформаторлық кіші станцияларда күрделі жөндеу жоспарланған. 18,6 мың км электр беру желілері мен 351 кіші станция мен 3 851 тарату пункті мен трансформаторлық кіші станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Энергия көздерінің отын қоймаларында 4,7 млн тонна көмір және 89 мың тонна мазут жинақталған.
«Энергетика, Көлік министрліктерінің және «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ-ның келісілген жұмысының арқасында көмір мен мазутты жинақтау ұйымдастырылған түрде жүргізілуде. Проблемалық мәселелер анықталған кезде өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жедел шешуге тырысамыз», — Сұңғат Есімханов.
Алдағы жылыту кезеңінде электр жүктемесінің болжамды максимумы шамамен 17,4 ГВт құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 5%-ға артық. Барлық электр станциялары жүктемені жабуға қатысады.
Күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуі үшін энергетикалық кәсіпорындар мыналарды орындады:
- негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу қамтамасыз етілді;
- отынның жинақталуы ұйымдастырылды;
- қызметкерлермен апатқа қарсы және өртке қарсы жаттығулар өткізілді;
- ықтимал технологиялық бұзушылықтарды жою үшін жабдықтардың, ТМҚ, құралдар мен арнайы техниканың қажетті қоры қамтамасыз етілді.
Сұңғат Есімханов жалпы энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына дайындау ұйымдастырылғанын және соңғы сатысында тұрғанын, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы Энергетика министрлігінің бақылауында екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, вице-министр саладағы кадр мәселесіне де тоқталды. Оның сөзінше, бүгінгі таңда энергетикалық ұйымдарда 52,5 мыңға жуық маман жұмыс істейді.
«Электр энергиясын өндіру секторы қызметкерлерінің орташа жалақысы 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 18%-ға ұлғайды және 425 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылы орташа жалақы 11%-ға ұлғайды және 280 мың теңгені құрайды», — деді Сұңғат Есімханов.
Елімізде энергетика саласы үшін кадрлар даярлауды 40 жоғары (ЖОО) және 215 техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мекемелері жүзеге асырады.
40 жоғары оқу орны 30 мыңнан астам білім береді, 148 білім беру бағдарламасы бойынша студенттер: бакалавриат – 75,
магистратура – 59, докторантура – 14.
215 кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Электр жабдығы», «Электрмен жабдықтау», «Электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» және «Жаңартылатын энергетика» мамандықтары бойынша 19 мыңға жуық студент оқиды.
Вице-министр электр энергетикасы саласындағы кадр мәселесін, жаңа генерациялау объектілерін, электр беру желілерін салуды, сондай-ақ жылу және электр энергиясын тұтынатын объектілердің ұлғаюын ескере отырып, 2030 жылға дейін электр энергетикасы саласында неғұрлым талап етілетін кәсіптердің қажеттілігі 20 мыңнан астам болуы мүмкін деп болжануда деп түйіндеді баяндамасын.
#Жылу беру маусымы #ЭнергетикаҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу