ФОТОТАСПА: Астанада AIAS-2014 автомобиль көлігінің екінші халықаралық көрмесі өтті
Астанада «Көрме» орталығында жылдың ең басты автокөлік оқиғасы – «Astana International Auto Salon -2014» (AIAS
-2014) автомобиль көлігінің екінші халықаралық көрмесі өтті.
«Astana International Auto Salon - 2014» көрмесінің басты мақсаты Еуразия өңірі орталығында автомобиль құрастыру саласының жаңалықтары мен мүмкіндіктерін, қуаты мен жетістіктерін таныстыра отырып әлем автоконцерндеріне арналған ерекше платформа ұсыну, сонымен қатар қазақстандық нарықтың маңызды стратегиялық мәселелерін шешу мен әлеуетті әріптестер арасында халықаралық бизнес-диалог құратын қолайлы жағдай қалыптастыру», - деді ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау көрмені аша отырып.
AIAS-2014 көрмесіндегі 10 000 шаршы метр көрме алаңында MITSUBISHI, RENAULT, JEEP, Volkswagen, Maserati, SsangYong, Peugeot,IVECO, Hyundai, Lada, SKODA, KIA, CHEVROLET және өзге де автокөлік брендтері әлемдік және отандық автомобиль құрастыру саласының жетістіктерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, онда авто аксессуарлар, қосалқы бөлшектер, автохимия мен автокосметика, тюнинг, авто электроникасы, автонесиелендіру мен автосақтандыру қызметтерін таныстырды.
Өздеріңізге де белгілі, бүгінде Қазақстан отандық автопарктің жаңаруына әбден мұқтаж. Аталмыш қажеттіліктің негізі де жоқ емес. Бірінші кезекте ел жолдарындағы азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты күрделі жағдай болса, екіншіден, өңірдегі экологиялық жағдай да алаңдатпай қоймайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз