14 Маусым 2017, 16:00
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 14 маусымда «Атамекен» ҚР ҰКП IV съезіне қатысты, онда Үкімет пен бизнес қоғамдастықтың өзара іс-қимыл мәселелері, сонымен қатар кәсіпкерлік ортаны дамыту мен оған қолдау көрсету шаралары қаралды.
Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерге Үкіметтің өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылдамдатылған технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Оны 2025 жылға дейін аяқтау қажет.
Жаңғырту бәсекеге қабілетті, әлемдік нарықта сұранысқа ие өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автоматтандыру үдерістері жұмыс күштерін босатуға алып келеді.

«Атамекен» ҰКП әзірлеген «Бастау Бизнес» бағдарламасы мен Үкімет іске асырып жатқан Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жұмыстан босатылған жұмыскерлерді жұмысқа орналастыруға көмек береді.
Бақытжан Сағынтаев бизнес қауымдастықты Үкіметтің жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін жаңа – сервистік – экономиканы құру жұмысына белсенді түрде қатысуға шақырды.
«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов қайта реттеу, әкімшілік кедергілерді төмендету, заңнаманы жетілдіру бойынша Үкіметпен бірлесіп атқарылған жұмыстардың аралық нәтижелері туралы айтты.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө. Шөкеев кәсіпкерлер қауымдастығын квазимемлекеттік сектор компанияларының сатып алуларына қатысу тетіктерінің жетілдірілгені туралы ақпараттандырды.
ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек жергілікті қамтуды дамыту шаралары туралы хабарлады. ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен индустриялық сертификат институтын енгізу тұрғысында заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде жергілікті бизнес қауымдастықтың негізгі мәселелері несиелеудің қолжетімділігі, инфрақұрылым мен жер телімдеріне қолжетімділік және салық салу болғанын айтты. Олардың әрқайсысы бойынша сарапшылармен және ҰКП мүшелерімен жұмыс жүргізілуде.
ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов кәсіпкерлерді ағымдағы жылы тексерістер санын іс жүзінде 40%-ға төмендету туралы жағымды жаңалықпен қуантты.
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік қауымдастығының мүшелері тексеруге негіздемелерді 36-дан 14-ке дейін, яғни 56%-ға алдағы қысқарту туралы хабарды ұзақ күтті. Мұндай шара жаңа салық кодексі жобасында қарастырылады.
Съездің құрметті қатысушысы ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко болды, ол Қазақстан Үкіметі мен қауымдастық аумағында теңдесі жоқ «Атамекен» ҰКП-ның өзара іс-қимылының жақсы деңгейін атап өтті.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Т. Құлыбаевтың басшылығымен өткізілген съезд кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша Үкімет пен бизнес қауыстастықтың бірлескен жұмыстарының алдын ала қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу