Ғалым Оразбақов ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғалым Оразбақов ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі ұжымға ведомствоның жаңа басшысын таныстырып, мемлекеттік органның алдында тұрған міндеттерді анықтады.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке алып, бәсекелестікті қорғау Агенттігінің алдында отандық кәсіпорындар тауарларының БЭК пен КО елдері рыноктарына тең жағдайда жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнесті жүргізу, бәсекелестік орта қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу міндеті тұр»,-деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр Агенттік ұжымына алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу