Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» форумының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан Президенті Халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ оған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Форумның басты мақсаты ‑ ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу