Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л. Прокопенконы қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды.

Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу