11 Маусым 2013, 14:50
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан-Словакия екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр екіжақты байланыстардың ырғақты дамып келе жатқанын ескеріп, Қазақстан мен Словакияның өзара тауар айналымын арттырудағы үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.
С.Ахметов сонымен қатар, «экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия қызметін жандандыра түсу қажет»,-деп атап көрсетті.
Өз кезегінде, П.Пашка Қазақстан мен Словакия ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығына тоқталып, өзара мүдделі қызығушылық тудыратын салалардағы әріптестікті дамытуды қолдайтынын айтты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу