«Жоғарғы оқу орындарын
бағалау кезіндегі негізгі өлшем түлектерді жұмыспен қамту болып табылады, әсіресе, коммерциялық ЖОО-ның, жұмыс берушілердің бағалау фактісі қажет», - деп атап өтті отметил С.Ахметов.
Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігіне Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Өңірлік даму министрлігімен бірлесіп мектептерді мерзімінде салып бітіру және пайдалануға беруді тұрақты бақылауды жүзеге асыруды тапсырды.
«Білім және ғылым министрлігіне Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Өңірлік даму министрлігімен, облыс, Астана, Алматы әкімдерімен бірлесіп, жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде орындауды, мектептерді мерзімінде салып бітіру және пайдалануға беруді, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауды бақылау мәселелерін пысықтауды тапсырамын», - деді С.Ахметов.
Сонымен қатар, ол айтып өткендей, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне баса назар аудару қажет, себебі ол 2013 жылдан бастап 4 облыста пилоттық режимде іске қосылады.
Серік Ахметов білім беру саласында педагогикалық еңбектің тиімділігін бақылау жүйесі қажеттігін баса айтып кетті.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Мемлекеттік білім
берудің жинақтау жүйесіне жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды қатыстыру тетігін пысықтауды тапсырды.