Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет Басшылары «Быстроток» су каналының төңірегінде қалыптасқан жағдайды талқылады
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Премьер-Министрі Жантөре Сатыбалдиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында Үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады. Атап айтқанда мемлекетаралық «Быстроток» су каналының төңірегінде қалыптасқан жағдай бөлек әңгіме тақырыбына айналды.
С.Ахметов қырғыз жағын трансшекаралық каналды жауып тастау салдарынан бір аптадан астам уақыт Жамбыл облысының шекаралас аудандары тұрғындарын сусыз қалдырған су каналын ашып, қалпына келтіруге шақырды.
Үкімет басшылары кез-келген диалог пен қалыптасқан күрделі жағдайды шешуге дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз