Денсаулық сақтаудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін іске асыруға бағытталған

Іске асырылып жатқан ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Е. Біртановтың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы денсаулық сақтаудағы бес бастама анықталған, экомиканы жедел үшінші жаңғырту толқынына бағытталған.

Бірінші бастама – денсаулық сақтау жүйесін қайта реттеу және қайта дизайндау негізінде емделушінің қажеттіліктері шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін біріктіру.

Екінші бастама қазақстандық стандарттарды ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкестендіру болып табылады.

Үшінші бастама ретінде адам капиталына тиімді инфрақұрылым мен инвестицияларды қалыптастыру негізінде ресурстарды ұтымды пайдалану анықталған.

Төртінші бастама - МӘМС жүйесінде іске асырылатын болатын қаржыландырудың икемді жүйесі.

Бесінші бастама емделушіні ашықтық пен есеп берушілікпен қамтамасыз ету мақсатында жүйені басқару болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың 2016 жылғы қорытындысы денсаулық сақтау саласын жетілдіру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың салалық бағдарламаға ғана емес, сонымен қоса Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген жаңа басымдықтарға да үйлесімді екенін көрсетеді.  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу