ҚР-да 2015 жылдың мамырында инфляция 0,3% деңгейде қалыптасты - Қ.Келімбетов
Қазақстанда ағымдағы жылдың мамыр айындағы инфляция 0,3% деңгейде, жылдық мәнде 4,3% деңгейде қалыптасты, деп мәлімдеді ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында.
«2014 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,4 пайызды құрады. Ал 2015 жылдың мамыр айындағы инфляция 0,3 пайыз деңгейінде, жыл басынан бері 1,5 пайыз, жылдық деңгейде 4,3 пайызды құрап отыр. Бұл ретте 2014 жылмен салыстырғанда инфляцияны төмендетуге негізінен жақын шетелдерден импортталатын азық-түлік тауарларға бағаның төмендеуі септігін тигізді», - деп атап өтті ол.
ҰБ басшысының айтуына қарағанда, ішкі тұтыну нарығында баға жағдайы жалпы алғанда тұрақты, ақшалай ұсыныс көлемі адекватты болып, экономиканың байқалатын өсімімен бірдей деңгейде.
«Валюталық бағамға келсек, 2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 185,95 теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Ұлттық банк күрт секіруді және айырбас бағамының құбылмалылығын деңгейлестіру бойынша саясатты жүзеге асыруды жалғастырады», - деп сендірді ҚР Ұлттық банкі басшысы.
ҚР ҰБ мәліметінше, ағымдағы жылдың мамыр айының соңына қарайғы деректер бойынша Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 28,7 млрд долларды құрап отыр. Ал, еліміздегі Ұлттық қор активтерін қоса алғанда халықаралық резервтер 97,8 млрд долларды құраған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз