ЖТҚ және ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді түгендеу жұмыстарының қортындылары ертең Үкімет отырысында талқыланады
Ертең, 19 қараша күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін ҚР Үкіметі отырысында ЖТҚ және ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерге ұсынылған жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстың қортындылары қаралады.
Сондай-ақ, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланады.
Аталған мәселелер бойынша ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндама жасайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз