2013 жылға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру қортындысы ертең Үкімет отырысында қаралады

Ертең 18 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі отырысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру қортындыларын қарау жоспарланған, деп хабарлады бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев.

«Ертең, 18 наурызда Премьер-Министр С. Ахметов Үкімет отырысын өткізеді, оның барысында 2013 жылдың қортындысы бойынша «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысы қарастырылады», - деді А. Әбибуллаев. 

Талқыланатын тақырып бойынша ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу