30 Маусым 2016, 11:22
Парламент палаталарының біріккен отырысы кезінде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы туралы шешімге қатысты түсінік берді.
«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы туралы шешім біздің Мемлекет басшымыздың әлемдік деңгейдегі Көшбасы екенін және ядролық қарусыздандыру, өркениет пен мәдениет диалогының қамтамасыз ету, әлем елдері мен халықтарының арасындағы сенімді нығайту бойынша жүргізілген жүйелі саясатын мойындаудың белгісі», - деді Мәжіліс спикері ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен БҰҰ саммитінде жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі халықаралық қауымдастықтың зор қызығушылығын тудырған.
«Әлемдік қауымдастықтың аталған бағдарламалық құжатқа қызығушылығы Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану қозғалысында көшбасшыға айналысуымен тікелей байланысты, мұның дәлелі Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы болды», - деді ол.
Өткен сессия барысында қазақстандық парламентшілер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының, түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының шараларына, Жапонияда өткен ел халқы мен даму бойынша парламентшілердің жаһандық конференциясына, Парламентші әйелдердің жаһандық форумына және басқа да елеулі халықаралық конференцияларға қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу