28 Желтоқсан 2016, 11:50
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылсын», – делінген Жарлық мәтінінде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу