Қазақстан Ресей мен Украинаның темір жол саоласына өнімдер экспорттай алады - А.Мырзахметов

Қазақстан Ресей мен Украинаға темір жол саласына арналған өнімді экспортқа шығара алады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов. 

«Темір жол өнімі бойынша біз өзіміз экспорттай аламыз, бізде құйма бар, біз рельс-бөрене зауытын көрдік, рельстерді өмір бойы Украина мен Ресейден алып келеміз. Енді Қазақстанда қазан айында зауыт іске қосылатынын көріп отырмын, енді өз сұраныстарымызды қанағаттандырып, тіпті соларға тасымалдай аламыз», - деді А. Мырзахметов. 

Бұдан өзге, ол ҰКП Ресейге қатысты ықпалшара енгізу нәтижесінде бизнестері зардап шеккен  кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу