30 Мамыр 2017, 09:27
Қазақстанда бидайдың сапалы тұқымдары мен тыңайтқыштарды пайдалану көлемі екі есеге артты. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Спикердің айтуынша, бидай негізгі экспорт тауары болғандықтан, өсімдік шаруашылығында АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында сапалы тұқымдар егілетін егіс алқаптарын ұлғайту және тыңайтқыштармен тыңайтуды арттыру бойынша шаралар қарастырылған.
«2021 жылға қарай сапалы тұқымдар егілетін егіс алқаптарын екі есеге, 3-тен 6%-ға дейін, және тыңайтқыштармен тыңайтуды шамамен 1,5 есеге 10-11%-дан 16%-ға дейін арттырамыз деп жоспарладық. Мемлекеттік бағдарлама аясында енгізілген қолдау тетіктері іске қосылғанын айта кету керек. Ағымдағы жылы сапалы тұқым себілген егіс алқаптары екі есеге ұлғайды, ал пайдаланылатын тыңайтқыштар көлемі 10-дан 14%-ға дейін артты, яғни мақсатты индикаторларға жетуге аз қалды», - деп атап өтті Т. Рахымбеков.
Вице-министрдің айтуынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тыңайтқышты көбірек сатып алатын болған – егер өткен жылы 256 мың тонна тыңайтқыш сатып алынса, ағымдағы жылы 407 мың тонна сатып алынған.
«Яғни, екі есеге артқан, оған тыңайтқыштар сатып алу кезінде субсидиялау тетіктерін өзгерту септігін тигізді», - деп баса айтты ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу