Қазақстан мен Қытай зерттеушілері климаттың өзгеруі мен топырақ құнарлығын қалпына келтіру мәселелерін бірлесіп зерттейді

Пекинде QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қытайдың географиялық қоғамы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты — ғылыми, техникалық, кәсіби, академиялық және біліммен алмасу мүмкіндіктеріне қолдау білдіру арқылы екі ұйым мен олардың мүшелері арасында ұзақ байланыс негізін құру.

Меморандумға QazaqGeography Басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин және Қытайдың географиялық қоғамының президенті Боцзе Фу қол қойды.

QazaqGeography Басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин атап өткендей, құжат қоршаған ортаны, климатты, шөлдену, трансшекаралық су ресурстарын зерттеу және Қазақстанға да, Қытай Халық Республикасы үшін де маңызды, басқа да мәселелерге қатысты болашақ бірлескен жобаларды іске асыру жолында аса маңызға ие.

Сондай-ақ, кездесуде QazaqGeography қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы мен Қытайдың географиялық қоғамының ғылыми және экспедициялық зерттеулерінің жоспарлары, шөлдену және топырақ құнарлығын қалпына келтіру, су ресурстары және биоалуантүрлілік мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, Қытайдың географиялық қоғамы ҚХР-дың 20 000-нан астам мүшесі бар ең ежелгі академиялық қоғамының бірі. Бұл қоғаммен серіктестік қарым-қатынас орнату QazaqGeography үшін тарихи жағдай. 

Анықтама: QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылғы қазан айында құрылған, ол бес бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография.

Қазіргі таңда келесі өңірлерде 11 өкілдігі ашылған: Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу