27 Сәуір 2017, 09:02
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның мемлекеттік органдармен және инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауы, мақсаты мен міндеттері туралы қоғамның басқарма төрағасы Мақсат Қабашев айтып берді.
«Kazakh Invest» - бұл тек қана жаңа атау емес, сондай-ақ, бұл тұтас бір парадигманың пайда болуы. Инвесторлар - біздің басты назарымызда. Біз жаңа инвесторларды тартамыз, сонымен қоса бұрынғыларын да ұмытпаймыз. Біз оларға не керек екенін білеміз, және олардың дәл осы Қазақстанда жұмыс істегендерін қалаймыз. Kazakh Invest-тің негізгі қағидасы – ешкімге кедергі келтірмей, көмек көрсету», - деді М. Қабашев.
Ол «Kazakh Invest» Қазақстан Үкіметі атынан халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен байланыстар орнатып, оларды нығайту бойынша бірегей келіссөз жүргізуші әрі бірыңғай орталық ретінде іс-қимыл жасайтынын атап өтті. Осыған орай «Kazakh Invest»-тің басты функционалдық міндеті – шетел инвесторына тұтастай қолдау көрсету, яғни идеядан бастап, Қазақстанда өндіріс орнын ашып, одан кейін экспортқа шыққанына дейін қолдау көрсету, өзгеше айтқанда – инвестициялық жобаның бастан-аяқ іске асырылғанына дейін сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу.
«Бұл ел экономикасына инвестициялар тартудың барынша тиімді, ұтымды және бизнеске бағдарланған форматына ауысу дегенді білдіреді», - деді басқарма төрағасы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу