17 Ақпан 2026, 17:15
Президенттің экономикалық өсімнің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет ішкі нарықты отандық тауарлармен толық қамтуға назар аударып отыр. Үкімет отырысында «терең қайта өңдеу» жобаларын іріктеу тетіктері туралы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндады.
Басқарма төрағасының сөзінше Холдинг қызметінің нәтижесінде 2025 жылы барлық бағыттар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 10,4 трлн теңгені құрады.
Нәтижесінде өткен жылы:
«2026 жылы Холдингке 1 трлн теңге капитал берілсе, экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін 8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар. Холдинг шағын және орта бизнес пен басым салаларды қолдау бойынша келесідей жоспар құрып отыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры құны 7 млрд теңгеден басталатын өндірісті тұрақты дамытуға бағытталған жобаларды қолдайтын болады және машина жасау секторында толыққанды даму институты болып өзгереді. Бұл ретте, Ұлттық банк және басқа да мемлекеттік органдардың ұстанымдарына орай, 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды екінші деңгейлі банктерге беруді келістік», — деді басқарма төрағасы.
«Даму» қоры екінші деңгейлі банктердің экономиканы қаржыландырудағы үлесін көбейту үшін шағын және орта бизнестің несиелерін қолдауды бұдан әрі жалғастырады. Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы ішкі нарыққа бағытталған өнеркәсіп жобаларына терең өңдеу мен тамақ өнеркәсібіне 1 трлн теңгеге қолдау көрсетеді. Қазақстанның даму банкі шикізаттық емес экспортты қолдауға 2 трлн теңге бағыттайды. KazakhExport 600 млрд теңгеге экспорттық жобаларды жоспарлап отыр. Жобаларды капиталдандыру жеткіліксіз болған жағдайда, QIC қолдау көрсететін болады. Осылайша, Бәйтерек тобының барлық қаржы құралдары бизнесті қолдауда бірін-бірі толықтырып, аталған секторларды қолдайтын болады. 30 қаңтарда төрт салалық инвестициялық дирекциядан тұратын Инвестициялық қызмет құрылды. Инвестициялық дирекциялардың негізгі көрсеткіштері экономикаға маңызды 15-20 елдік жобаны жүзеге асыру болады. Салалық министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп, ұсынылған жобалар бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс 1500 жобаны қамтиды. Жалпы, жобаларды іріктеу жұмысын сапалы жүргізу үшін қосымша критерийлер анықталды. Осы критерийлерді министрліктерге, әкімдіктер және Қазақ Инвест компаниясына жолданады.
Қазіргі уақытта, Холдингте 3,4 трлн теңге құрайтын 449 инвестициялық жобалар тізімі бар. Осы тізімдегі құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар екінші деңгейлі банктерге беріледі. Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа 80 трлн теңгеге жуық сомаға 1 319 әлеуетті жобалар тізімін қамтиды. Алайда, бұл жобалар бойынша келесідей сұрақтар бар: олардың дайындық деңгейі туралы ақпарат жоқ, жобалардың 30%-ы бірін-бірі қайталайды, әкімдіктермен жеке ұсынылған жобалар Платформада көрсетілмеген. Аталған платформа инвестициялық жобалардың бірыңғай базасы болып саналады. Осыған байланысты жобаларды сапалы іріктеу мен бағалау үшін Платформаны бірлесе жетілдіру қажет.
«Холдинг экономиканың негізгі секторларының тұрақты өсуі үшін инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады. Металлургия саласында жалпы құны 3,9 трлн теңге болатын 23 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, металлургиялық кластерді жаңғырту, Ақтоғай тау-кен өндірісі, Ферросилиций өндіру зауыты және тағы басқалар бар. Аталған салада 13,6 трлн теңге сомасына 55 әлеуетті жоба айқындалды, олардың қатарында Qarmet-ті жаңғырту, мысты қайта өңдеу жобасы және тағыда басқалар бар. Машина жасау саласында құны 610,6 млрд теңге болатын 21 жоба қаржыландыруда, оның ішінде кеме жасау верфі мен соғылған бұйымдарды шығаратын ұста-бандаж кешенінің құрылыстары бар. Сонымен қатар 642 млрд теңгеге 20 жоба қарастыруға түседі деп күтілуде. Бұлар – мультибрендті автомобильдер өндірісі, теміржол вагондарын және ауыр машина жасау секілді зауыттар бар», — деді басқарма төрағасы.
«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің сөзінше химия саласында құны 636 млрд теңгені құрайтын 11 жоба Холдинг қолдауы арқылы жүзеге асырылуда. Олардың қатарында кальцийленген сода, каустикалық сода, күкірт қышқылы өндіру зауыттары және тағы да басқа жобалар бар. Жәнеде осы саладағы жоспарланған жобалардың саны – 35, сомасы – 7,2 трлн теңгені құрайды, оның ішінде аммиак-карбамид кешені, калий тұздарын өндіру жобалары және тағы да басқалар. Энергетика және мұнай өңдеу саласында Холдингпен 1,3 трлн теңге сомасына 9 жоба қаржыландыру барысында, оның ішінде газ өңдеу зауыты, метанол газ-химия кешені, Алматыдағы екінші жылу электр орталығын жаңғырту және тағы басқа жобалар. Осы саладан Инвестициялық платформада сомасы 39,7 трлн теңге болатын 100 әлеуетті жобалар енгізілген. Мысалы, жасыл сутегі өндіретін зауыт салу, мұнай өңдеу зауытын өндірістік қуаттылығын кеңейту, Семей қаласының жылу электр орталығы секілді жобалар. Агроөнеркәсіп кешені саласында 415,9 млрд теңгеге 69 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, көкөніс жылыжай кешені, бройлер тауық етін өндіру, алма шырыны концентратын, жеміс-көкөніс езбесін өңдеу және қаптау зауыттары және тағы басқалар. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігімен айқындалған басымдықтарға сәйкес, майлы дақылдарды қайта өңдеу, астықты терең өңдеу, ет, сүт, тері мен жүнді қайта өңдеу сияқты секторлар бойынша 2,3 трлн теңгеге 208 жоба бойынша іріктеу жұмысы жүргізілді.
Осылайша, экономиканы әртараптандыру мақсатында Инвестициялық холдинг жобаларды қарастыру мен қаржыландыру жұмыстарын жалғасатын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу