Премьер-министр Алматы облысындағы индустриалдық аймақтардың құрылысымен танысты
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Алматы облысындағы индустриалдық аймақтардың салыну барысымен танысты. Қол жеткізілген нәтижелер мен құрылыс бойынша бұдан кейінгі жоспарлар туралы К.Мәсімовке нысандар басында облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдәлиев баяндады.
Атап айтқанда, әкімнің орынбасары Үкімет басшысын «Талдықорған» ИА аумағындағы инфрақұрылым нысандарының құрылысы туралы ақпараттандырды. Мұндағы құрылыс жергілікті және республикалық бюджет есебінен жүргізіліп жатыр.
С. Тұрдәлиев сонымен қатар К.Мәсімовке облыста құрылған басқа да индустриалдық аймақтар мен өнеркәсіп алаңдары туралы айтып берді.
К.Мәсімовке сондай-ақ бұрын салынған инженерлік жүйелердің қуатын пайдаланумен Алматы қаласының алғашқы серіктес қаласы - Gate City аумағында индустриалдық аймақ құру жоспары туралы баяндалды.
Еске салайық, Gate City Алматы қаласының төрт серіктес қалаларының бірі болып табылады, бас жоспарға сәйкес ол 2032 жылға дейін салынуы тиіс. Gate City қаласының Алматыға жақын орналасуымен тиімділігі және аймақтың басты магистральдарының – Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігіне айналатын Алматы-Қапшағай республикалық маңызға ие автомагистралінің болуы қалаға Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның маңызды форпостына айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз