К.Мәсімов ҚР Энергетика министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Энергетика министрлігінің ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Қанат Бозымбаевты таныстырды.

Қанат Бозымбаев өзіне жоғары сенім білдіргені үшін Елбасыға алғыс айтып, Министрліктің және жалпы саланың алдында тұрған міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін бар күш-жігерін, қабілетін және тәжірибесін салатынына сендірді.

Үкімет басшысы бұрынғы министр Владимир Школьниктің қаншама жылдар бойы мемлекеттік қызметтегі әр түрлі лауазымдарда Президенттің тапсырмаларын абыроймен орындағанын айтып өтіп, оған атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу