18 Шілде 2016, 19:41
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматыдағы террорлық акт салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі аккаунтында: «Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын» деп жазды.
Еске сала кетсек, бүгін Алматыда террорлық акт орын алды. Белгісіз біреулер Алмалы АІІБ және ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасады. Атыс салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапқан. Қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды, екі шабуылшы ұсталды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысын өткізіп, азаматтарды ақпарат кеңістігіндегі арандатушылыққа ермеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Президенті қаладағы жағдайды тұрақтандыруға, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу