К.Мәсімов әлемнің жетекші компаниялары басшыларымен кездесті
ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлемнің жетекші компаниялары басшыларымен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Үкімет басшысы мұнай-газ, тау-кен, фармацевтикалық секторлар компаниялары, сондай-ақ консалтингтік фирмалар және қаржы институттары өкілдерімен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар инвестициялық ахуалды жақсарту, Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, елдегі және әлемдегі ағымдағы экономикалық жағдай бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындықтарын білдірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз