Астанадағы кәсіпкерлер саны 17%-ға артты - М.Мәжитов

Астанада 56 мың бизнес субъектісі тіркелген, ол өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артық
деп ОКҚ брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Мейірбек Мәжитов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда елордада 56 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артық.Шағын және орта бизнестің қызметі 60 жалпы өңірлік өнімді құраса, 67 пайыз салық түсімінің шағын және орта бизнесінің үлесін құрайды», - деді М. Мәжитов. 

Ол елордада ШОБ дамытуға жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш елордада ШОБ дамытуға зор әлеует бар екендігін көрсетеді. 

Сонымен, палата директорының айтуынша, биылғы жылы жаңадан бастаған бизнесмендерге көмектесу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) құрылған болатын. 


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу