Өңірлердегі жол жөндеу сапасын жылжымалы жол лабораториялары арқылы бақылайды - ҚР ИДМ
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылысына қатысушы мердігер компаниялардың қол қойған контракттары аясында қосымша 8 көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол лабораториялары сатылып алынды, деп хабарлайды ҚР ИДМ.
Ведомствоның мәліметінше, жол сапасына бақылау жасауда шолу жасайтын камералармен, лазерлік датчиктермен және георадармен жасақталған олар көлік құралына орнатылған өнеркәсіп компьютеріне алынған нәтижелерді жолдап отырады.
«Жылжымалы лабораториялар ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетіне ресми тапсырылатын болады, одан соң олар тиісті «Облжоллабораторияларға» өткізіледі (Ақтөбе, Атырау, шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарына). Онда солардың көмегімен жалпы пайдаланымдағы автожолдардың жөнделуі мен күтіп ұсталуының сапасына бақылау жасалатын болады», - делінген хабарламада.
Жылжымалы лабораторияларды өткізгенде Комитет және Облжоллабораториялар қызметкерлері үшін арнайы оқыту ұйымдастырылады
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасы аясында «Алматы-Қорғас» учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде (4 жолақты қозғалысы және цементобетон жамылғысы бар I категориялы жол).
Жұмыстар ұзақтығы 304 км болатын 8 учаскеде жүргізілуде, оған 4 мердігерлік компания тартылған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз