Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы шығыстарды басқарудан нәтижелерді басқаруға көшіруді көздейді - Б.Жәмішев
Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы шеңберіндемемлекеттік жоспарлаудың мақсатты көрсеткіштерінің бюджеттік шығындарымен байланысын қамтамасыз етуге баса назар аударылады, деп хабарлады қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Парламенті палаталарының отырысында.
«Парламент қабырғасында талқыланған өзекті мәселелер қатарына бюджет шығыстары мен стратегиялық жоспарлар арасында байланыстың болмауы проблемасы жатады. Осыған орай мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік бағдарламаның және бюджеттік өтінімнің форматы өзгертілетін болады», - деді Б.Жәмішев республикалық бюджетті орындау практиксын жетілдіруге қатысты Үкіметтің шараларын мәлімдегенде.
Оның айтуынша, бюджеттік бағдарламаға қызметінің ортақ мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органның барлық шығыстарын енгізу болжамдалады. Бюджет шығыстарының басымдықтары стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға қатаң сәйкестікте анықталатын болады.
Сонымен қатар, бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру шеңберінде тиімді емес шығыстардың ұлғаюына жол бермеу - басты басымдық болып табылады.
«Осыған орай шығыстарды түгендеу жүргізілетін болады, оның қорытындылары бойынша экономикалық өсуге ықпал етпейтін іс-шараларды қаржыландыру қысқартылады», - деп мәлімдеді Б.Жәмішев.
Сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау жүйесі қайта қаралатын болады, онда техникалық экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлегенге дейін инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру сатысында.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз