ҚР пойыздарының қозғалысын аралық реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Үкімет отырысында теміржол саласында инновацияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Атап айтқанда, ол «Қарағайлы – Көкпекті» шағын теміржол учаскесінде «АЙМАК RAIL» пойыздар қозғалысын аралық реттеудің цифрлық жүйесі енгізілгенін атап өтті.

Компания жыл сайынғы негізде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) әзірлеуде халықаралық ұйымдармен және отандық ғылыми-зерттеу институттарымен қарым-қатынас жасайды. 

Негізгі бағыттар:

  • Тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру;
  • Жылжымалы құрамның қатынауы;
  • Темір жол инфрақұрылымының диагностикасы және ақпараттық жүйелерді дамыту.

Мәселен, соңғы 5 жылда 50-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыс орындалды.

«Инновациялық қызмет бойынша ALT University-мен бірлесіп, темір жол саласы мамандарының дайындық деңгейін арттыру үшін, жол шаруашылығы және энергетика зертханалары ашылды. Өткен жылы ҚТЖ базасында жобалау-конструкторлық бюро құрылды, оның жұмысы өз құзыреттерін дамытуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ Satbayev University темір жол көлігінде Зияткерлік жүйелерді сынау және енгізу үшін қосымша Зертханалық кешен ашады. Қарағайлы – Көкпекті қызметі аз учаскесінде «АЙМАҚ RAIL» пойыздар қозғалысын аралық реттеудің цифрлық жүйесі көрсетілген. Өткен жылдың желтоқсанында ұзындығы 247 шақырым Starlink спутниктік жүйесін қолдана отырып, жобаны өрістету бойынша жұмыстар басталды», — деді «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов. 

Бұл учаскенің өткізу қабілетін бірінші кезекте  тәулігіне 4 жұп пойызға дейін, екінші кезекте – 7 жұп пойызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы ретте, тасымалдар көлемі бірінші кезекте жылына 3 млн тонна, екінші кезекте – 5 млн тоннадан астам жүкті құрайды. Пойыздарды тестілік іске қосу осы жылдың сәуіріне жоспарланған. Күтілетін экономикалық тиімділігі жылына 11 млрд теңгеден астам болады. Басқарма төрағасының орынбасарының сөзінше келесі инновациялық жоба – дизельді қозғалтқышпен және аккумуляторлық батареяларды қамтитын электр жүйесімен жабдықталған, гибридті маневрлік локомотивтер.

Локомотивтің негізгі артықшылықтары:

  • Отынды үнемдеу, пайдалану шығыстарды және зиянды заттар шығындарын 20%-ға төмендету.
  • Тиімділік 15%-ға арттыру.

Келісімшарт шеңберінде локомотив-құрастыру зауытын салу көзделіп отыр, онда шарт бойынша жалпы 90 локомотив құрастыру көзделеді.

Wabtec компаниясымен бірлесіп Кinetix диагностикалық жүйесі вагондардың ақауларын 53 параметр бойынша, нүктелік анықтау есебінен пойыздар қозғалысының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.  Бұл жүк вагондарын техникалық тексеруге арналған  уақытты 2 сағаттан 8 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Kinetix-тің бір жиынтығы Астана – Қырқыншы аралығында орнатылған. Биылғы жылы қосымша 6 кешен орнатылатын болады.  Көктұм аралығы – Достық – Алашанькоу халықаралық түйіскен жерінен алыс емес, № 16 тас жол жел жүктемесі мен қар құрсауына бейім. Бұрын орнатылған желден қорғайтын қоршаулар қар көшкінінің пайда болуына ықпал етіп, бөлшектелді. RIKEN Kogyo компаниясының жапондық мамандарымен бірлесіп, 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейінгі кезеңдегі Көктұма – № 16 жол аралығындағы ауа райына талдау жүргізілді. Осы кезеңде 1 260 жел екпіні тіркелді, ең жоғары жылдамдығы 46,2 м/с жетті, желдің 80% оңтүстік-шығыс бағытында болды, қар құрсауының көлемі 5 693 м ³ құрады, нәтижесінде қозғалыс тоқтады – 2025 жылы учаске 72 күнге жабылды. Өткен жылғы  Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған сапары аясында жапондық «RIKEN KOGYO Inc.» компаниясымен Меморандумға қол қойылды. Жел жүктемесі мен қар басуды төмендету жөніндегі жоба аялдамалар санын азайтуға және пойыздар қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2026 жылғы мамырда көрсеткіштерге талдау жүргізу және соңғы техникалық шешімдерді әзірлеу жоспарланған. Сонымен қатар ҚТЖ Транстелекоммен бірлесіп жаңа цифрлық шешімдерді іздеуге және енгізуге бағытталған «ҚТЖ Ventures» бағдарламасын жүзеге асыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 209 өтініш келіп түсті. Іріктеуден кейін 10 жоба анықталды. 

 Бүгінде 2 шешім жүзеге асырылуда:

  • Multicode платформасы – бұл теміржол тасымалдарын басқаруды автоматтандыру жүйесі. Сынақтар қорытындысы бойынша бос жүрістің 10%-ға төмендеуі, вагондар айналымының 15%-ға артуы және келісу мерзімінің 3 күннен 6 сағатқа дейін қысқаруы көрсетілді.
  • Freelancity командасының шешімі – темір жол желісін болжамдау және оңтайландыру моделі. Тар жерлер мен іркілістерді алдын ала анықтауды қамтамасыз етеді, желінің толыққанды цифрлық моделін қалыптастырады және ауысымдық-тәуліктік жоспарлауды жақсартады.

Екі шешім де ҚТЖ операциялық процестеріне интеграциясына дайын екендігін растады, компанияның инновациялық экожүйесін дамытудың бір бөлігіне айналады. 2025 жылы «Samruk Innovation Hub» байқауына қатысу аясында ҚТЖ стартаптар мен ғылыми қоғамдастықтан озық шешімдерді талап ететін 4 технологиялық тапсырма қойылды. Әрі қарай жүзеге асыру үшін рельстердің оқшаулағыш буындарына арналған «Магнитті-жұмсақ полюстік ұштары бар оқшаулағыш түйіспе үшін магниттсіздендіру шунты» жобасы таңдалды. Сондай-ақ ҚТЖ «Самұрық-Қазына» қорының «Үздік инновациялық компания» жобасына белсенді қатысып, байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ инновацияларды енгізудің негізгі әсерлері:

  • Өткізу қабілеттілігі мен тасымалдау үздіксіздігінің өсуі;
  • Пайдалану шығындарының төмендеуі; 
  • Өндірістік және логистикалық процестерді жеделдету;
  • Экологиялық және технологиялық әсер; 
  • Тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру;

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу