09 Сәуір 2026, 22:30

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шанхай делегациясының Қазақстанға сапары аясында Шанхай қаласының Халық үкіметінің төрағасы Гун Чжэнмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ ірі мегаполистер деңгейіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.
Келіссөздер барысында екі мемлекет көшбасшыларының дипломатиясының арқасында қазақ-қытай қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екендігі атап өтілді. Роман Скляр Шанхайдың инновациялар, қаржы және «жасыл» энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтіп, екі елдің қаржы және іскерлік орталықтары арасындағы практикалық әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Гун Чжэн Шанхай компанияларының Қазақстанда бірлескен жобаларды, соның ішінде машина жасау, логистика, жоғары технологиялар және цифрландыру салаларында жүзеге асыруға қызығушылығын растады.
ҚР Премьер-министірінің бірінші орынбасары Алматы мен Шанхай арасындағы 2025 жылы құрылған бауырлас қалалар қарым-қатынастарының әлеуетін жоғары бағалап, бұл формат сауда, инвестиция, мәдени және білім беру алмасуларында практикалық ынтымақтастықты орнатуға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және қытай бизнесінің Орталық Азия нарықтарына шығуына ықпал ететін бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара дайындығын растады.


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу