04 Қараша 2026, 19:25
Үкімет Құрылтайдың қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Құжат қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.
Түзетулер ветеринария жүйесін жетілдіруге, сала мамандарының әлеуметтік қорғалуын арттыруға, эпизоотиялық тұрақтылықты және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Саланы реформалау бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ:
Құжатта, әсіресе ауылдық жерлерде өзекті болып отырған кадр тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылған.
«Ветеринария мамандығының, әсіресе ауылдық жерлерде, тартымдылығының төмен болуы кадр тапшылығына, жұмыс істеп жүрген мамандарға түсетін жүктеменің артуына әкеліп, ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне кері әсерін тигізуде», — деп атап өтті Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев.
Ұсынылып отырған шаралар ветеринария мамандығының тартымдылығын арттыруға және білікті мамандардың салада тұрақтап жұмыс істеуіне қосымша жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар Құрылтай отырысында экономиканың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі Азия даму банкімен жасалған келісімді ратификациялау туралы заң екі оқылымда қабылданды.
#АӨК #Заң жобалары
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу