Қ.Өскенбаев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев өз еркімен отставкаға кетуге өтініш берді, деп мәлімдеді ведомствода. 

Бұл қызметке Қайырбек Айтбайұлы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 918 қаулысымен тағайындалған болатын.

Осының алданда ол 2004 жылдан ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті төрағасы, 2006 жылғы мамырдан ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2007 жылғы қыркүйектен 2011 жылғы мамыр айы аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігінің вице-министрі, 2013 жылғы ақпан айынан ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі лауазымдарында қызмет етті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу