ҚР ТЖМ бизнес субъектілерін тексеруді азайтуға ниетті

Келешекте ҚР төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін бұзбай жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді тексеруден бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында. 

«Алда біз өткізілген тексерулер нәтижелері бойынша ескертусіз жұмыс жасайтын шағын бизнес субъектілерін тексеруден бас тартуды жоспарладық», - деді В.Божко.

Ведомство мәліметіне сәйкес бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында құжат беру үдерісін ТЖ органдарынан ХҚКО-на тапсыру жұмыстары жүргізілуде. 

Қазіргі уақытта Министрлікте 26 рұқсат беру құжаты мен 5 ескерту сипатындағы құжат қалды. 
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу