22 Қаңтар 2018, 10:59
Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В. Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Н. Онжанов пен Ә. Смайылов қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
«Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу