Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Өкімдерімен:

  • Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

  • Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

  • Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

  • Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;

  • Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;

  • Серік Базарбекұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу