27 Тамыз 2018, 08:10
Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы алты айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады», — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу